KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

5 маусым - Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні - ҮМЗ

7.06.2021, 18:02 176

Қоршаған ортаны қорғау – Үлбі металлургия зауыты қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлемдік нарыққа шығу үшін өнім экологиялық қауіпсіз жағдайларда өндіріліп, экологиялық менеджменттің, халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келуі қажет.

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС

Табиғатты қорғаудың негізгі шараларының бірі – ауа бассейнін зиянды заттармен ластанудан қорғау. Осы аталған іс-шара аясына өткен 2020 жылы Петрянов матасынан жасалған 133 жұқа сүзгі және бериллий өндірісінің желдету жүйелеріндегі 194 лавсан сүзгісі ауыстырылды. «ҰМЗ» АҚ-дағы ластаушы заттар эмиссияларының деңгейі стационарлық көздерден, белгіленген нормативтерден аспайды.

998b438267c56c98faa6a2738ab3f3cf.jpg

ONLINE-МОНИТОРИНГ

Сондай-ақ ҮМЗ-нің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралардың бекітілген жоспарына нақты уақыт режимінде зиянды заттар шығарындыларының автоматты мониторингін енгізу де кірген. Бұл жоба уран, бериллий және тантал өндірістерінің негізгі көздерінде шығарындыларды бақылау жүйесін орнатуды көздейді. Жоба іске асырылғаннан кейін көрсететін нәтиже - ластаушы заттар шығарындыларын үздіксіз автоматтандырылғанын бақылау болмақ.

Биыл жобалық жұмыстар жоспарланған. Ал құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы жүзеге асырылады.

ЗАУЫТ ЖӘНЕ ҚАЛА

Тағы бір қызықты жоба - "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ның экологиялық және әлеуметтік салалардағы (ESAP) іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде "ҮМЗ" АҚ-ның ауаны, су ресурстарын және экожүйелерді кумулятивтік (жинақтаушы) ластауға үлесін айқындау" болып табылады. Бұл жоба қаламыздың экологиялық жағдайын зерттеуге бағытталып отыр. Ал, мақсаты - зауыттың қоршаған орта компоненттеріне және өндірістік объектілердің жанында тұратын халыққа ықтимал әсерін анықтау. Аталған зерттеу жұмыстары кәсіпорын әсерінің әртүрлі бағыттары бойынша жүргізілетін болады. Нәтижесінде зауыттың қала халқы мен Өскемен экожүйесіне әсерінің объективті көрінісін көре аламыз.

ПРОБЛЕМАЛАР БОЛСА – ШЕШІМДЕРІ ДЕ БАР

Үлкен кәсіпорынның жұмысында экология тұрғысынан да проблема аз емес. Қазіргі уақытта жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқан өзекті мәселелер бар. Соның ішінде негізгі нәрселерге тоқталайық.

ҮМЗ үшін ең проблемалық мәселе - Үлбіге төгінділердің нормативтерін белгілеу болып табылады. Қолданыстағы нұсқауларға сәйкес, ағызылатын суды тазарту нәтижесі неғұрлым жоғары болса, келесі кезеңге рұқсат алу кезінде талаптар соғұрлым қатаң болады. Себебі рұқсат етілген көрсеткіштер бұрын қол жеткізілген көрсеткіштермен есептеледі. ҮМЗ Үлбіге суды өзеннің өзіне қарағанда анағұрлым таза ағызады және заттардың құрамы өзендер үшін белгіленген шекті рұқсат етілген концентрациялардан едәуір төмен болады. Төгінділердің ШЖК-дан едәуір төмен екендігін осы нормативтерден ауытқығаны үшін. Сондықтан кәсіпорындарға айыппұл салынады. Осы мәселе бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға ұсыныстармен хаттар жолданды.

Бұл жағдайдан шығу жолы – зауыт аумағында айналма сумен жабдықтау құрылысы немесе цехтар бойынша чиллерлерді пайдалануға кезең-кезеңімен көшу. Чиллерлер - суды контур бойынша айдауға қабілетті су салқындатқыштар. Сондай-ақ жақын арада тантал өндірісі цехтарының бірінде пилоттық жоба ретінде іске асырылатын болады.

Жоспарланған іс-шараларды орындау "ҮМЗ" АҚ өңірдегі экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамалардың елеулі қатысушыларының бірі болып қалуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын экологиялық жобаларды жүзеге асыруға қомақты қаражат бөлмек. ҮМЗ өндірістік қызметтің қоршаған ортаға және халыққа әсерін азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Шынында да, әрқайсымыз үшін біз өмір сүріп жатқан туған жеріміз, отанымызды таза ұстау - басты мақсат.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив