KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Өскемен тұрғыны 16 млн теңге қарыз алған танысынан екі жыл жасырынған

4.06.2021, 10:24 163

Өскеменде ер адам өз танысынан үш айда қайтарамын деп қарызға ақша алып, екі жыл бойы жасырынып жүрген деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өскемен қаласының полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан ЖК пайдасына 32 жастағы ер адамнан 16 млн теңгеден астам қарызды өндіріп алу туралы қаулы түскен.

Құжаттарға сәйкес, ер адам іскерлік қарым-қатынасқа ие кәсіпкер әйелден ақша алған. Олар 2018 жылдың қыркүйек айында келісімшарт жасасып, Өскемен тұрғыны үш айда қаржыны қайтаруға міндеттелген.

Алайда, ол ақшаны төлемей, екі жыл бойы кәсіпкерден жасырынып жүрген. 2020 жылдың соңында жәбірленуші қарызды қайтару мақсатында сот орындаушысына жүгінеді.

Қарыз алушыға іздеу жарияланған. Оны Өскемендегі көші-қон қызметінің қызметкерлері тапты. Ол туралы барлық ақпарат сот орындаушысына берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив