KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Қазақстан мен Финляндия экология саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

15.05.2021, 10:40 206
​​

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу министрі Вилле Скиннаримен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы аясындағы Қазақстан Республикасы мен Финляндияның саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тең төрағалар табиғи уран концентраттарын жеткізу бойынша ядролық энергетика саласында қол жеткізілген прогресті, сондай-ақ Nurminen Logistics Services компаниясымен контейнерлік жүктерді тасымалдауда табысты ынтымақтастықты атап өтті.

Сонымен қатар, Мағзұм Мырзағалиев финдік Тең төрағаға екі елдің дамуы үшін ерекше әлеуеті бар орман шаруашылығы, қалдықтарды кәдеге жарату, балық шаруашылығы, құрылыс және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды.

Экология министрлігінің басшысы «Қазақтелеком» АҚ-ның «Nokia» компаниясымен 5G технологияларын енгізу саласындағы жолға қойылған ынтымақтастығын оң бағалады, сондай-ақ фин компанияларын одан әрі белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тең төрағалар комиссия 11-отырысының хаттамасына, сондай-ақ комиссия шеңберіндегі ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Сондай-ақ экология, орман және балық шаруашылығы, қалдықтармен жұмыс істеу, су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, KaukoInternational Oy Ltd компаниясы және Qazaq-Фин технологиялық орталығы (QFTC) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

@minecology

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив