KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Елімізде тұрғын үй қорын басқаратын бірыңғай оператор құрылады

23.02.2021, 10:06 171

Қазақстанда тұрғын үй қорын басқаратын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін «Отбасы банкі» өкілетін күшейту ұсынылады. Бұл механизмде, сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыратын, тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылармен шарт жасайтын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қатар ол жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысынан 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалға алуды субсидиялау ұсынылып отырғандығын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив