KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Наурызда неше күн демаламыз? Ең көп демалыс айы

4.02.2021, 11:41 170

Қазақстандықтарды наурыз айында барлығы 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Наурыз айының алғашқы мерекелік күні биыл дүйсенбіде Халықаралық әйелдер күніне (8 наурыз) келеді. Сондықтан бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалатын болады.

Наурыз мерекесі кезінде ел тұрғындарын 20 наурыз – сенбіден, 24 наурыз – сәрсенбіге дейін бес демалыс күні күтеді. Наурыз мерекесін тойлайтын үш күннің бірі жексенбіге қатар келеді. Сондықтан демалыс сәрсенбіге ауыстырылды.

Наурыз айында қазақстандықтарды барлығы 12 демалыс және 19 жұмыс күні күтеді.

2021 жылы ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасында 245 жұмыс және 120 демалыс күнін алады. Ең көп демалыс күндері қаңтар және мамыр айларында болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив