KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Өскеменде смартфон үшін үйінен қашып кеткен баланы полиция іздеді

16.01.2021, 17:29 141

Өскемен полицейлері үйден қашып кеткен баланы 1 сағаттың ішінде тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әуелде әйел сыртқа шығып кеткен баласын өзі тауып алмақ болды. Бірақ онысынан түк шықпағандықтан 15 қаңтарда сағат 11:30 шамасында полицияға қоңырау шалған.

Бірден полиция қызметкерлері баланы іздеуге кірісті. Анықталғандай, 9 жастағы оқушының үйден қашып кетуіне анасының одан ұялы телефонды алып қойғаны себеп болған.

«Оған ескерту жасадым да телефонды алып алдым. Себебі балам смартфоннан бас алмай қойды. Үнемі ойын ойнап, бейнероликтер көріп, достарымен хабарлама алмасады. Бұл оның сабақ үлгеріміне теріс әсер етуде», - деді әйел.

Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары оқушыны супермаркеттердің бірінен тапты. Оған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір бала ата-анасымен бірге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив