KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 3 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Бүгін Өскеменде ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет

16.01.2021, 09:55 207

 «Қазгидромет» РМК мамандары 16 қаңтар күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.




Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің үш қаласында – Теміртау, Өскемен және Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.




Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.




Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.




ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив