KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 80 миллионнан асты

27.12.2020, 10:44 168

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 80 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


COVID-19 вирусын адамды жұқтырған, 1 млн 756 921 адам көз жұмған. Қауіпті вирус ең көп таралған елдердің көшін АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей бастап келеді. Қазіргі кезде АҚШ-та коронавирусты жұқтырған адамдар саны 18 млн адамнан асты.


Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен аптада коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны бойынша жаңа рекорд орнатылғанын айтып, дабыл қақты. Ұйымның есебі бойынша, соңғы жеті күннің ішінде COVID-19 ғаламшардың 4,6 млн астам тұрғынынан анықталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив