KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Аягөз қаласында тағы 118 адам жұмыспен қамтылды

10.12.2020, 10:10 298

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында мемлекеттік сатып алудың тәртібімен Аягөз қаласы әкімінің аппараты арқылы конкурстан өткен 15 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оған Аягөз қаласы бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркелген 118 адам жұмыспен қамтылды. Аббаттандыру бойынша Ақтамберді №26, №28, №30; М.Әуезов №6, №8, №12; Алтынсарин көшесі №17 және Абай бульвары №59 және №61; Ақтамберді көшесіндегі №78 және №80 көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған аулаларда ойын алаңдарын орнату мен жұмсақ төсеніштерін төсеу жұмыстары атқарылуда. (Мердігер «Су» МКМ).

Аягөз қаласын жарықтандыруда электр желісін тарту жұмыстары, Аталықов, Ә.Молдағұлова, Жолдасовтар, Бөгенбай батыр және Аққожа би (Аягөз строй аймағы), Қошқарбаев, Р.Дүйсенғазин, Ж.Жабаев, О.Құлсейтов, Қ.Мұнайтпасов, Нугманов, Ларшин, Шакенов, Қабанбай батыр (Орталық аурухананың артқы жағы) көшелерінде жүргізілуде. Ақтамберді, Ә.Тәңірбергенов көшелеріндегі жарық бағандары алынып, жаңадан орнатылды.

Жолдарды жөндеу жұмыстарында Б.Момышұлы, Абай бульвары, Ә.Тәңірбергенов, Х.Дүйсенов көшелер жалпы жолының шұңқырлары тегістеліп жөнделді. Сонымен осынай тегістеу жұмыстары Ақтамберді, Бөгенбай, Көшкімбаева, Нұралинов, Ш.Уалиханов, Ю.Гагарин, Е.Рахимов көшесіне де жасалынады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары Ақтамберді (Х.Дүйсенов көшесінен Нуралинов көшесіне дейінгі аралық) және Ә.Тәңірбергенов (Ақтамберді көшесінен Абай бульварына дейінгі аралық) көшелеріне, ал Ларшин көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

«Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ арқылы: Б.Момышұлы, Қабанбай батыр, Аталықов, В.Терешкова, Шынғожа батыр, Т.Бигелдинов, Радионов, Шөкімұл, М.Горький, А.Байтұрсынов және Р.Дүйсенғазин көшелеріне асфальт төселді.

Спорт нысандары бойынша мердігерлер ЖК «Дара кәсіпкер Шыңғыс» пен «Алмас құрылыс» ЖШС-гі Геолого, Жаңа ауыл, Оңтүстік, Солтүстік, Ет

комбинаты мөлтек аудандарына және Мамбетов, Қошқарбаев, Шакенов көшелеріне «Спорт алаңы және Стрит воркаут» кешендерін жасады.


Мақала қала әкімі ақпараттары бойынша дайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив