KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Аягөздің полиция ғимараты жөнделді

3.12.2020, 18:00 77
Аудан әкімі Сеилбек Абұирұлы жұмыс кестесіне сәйкес аудандық полиция бөліміне арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.
Ағымдағы жылы аудандық полиция бөлімінде күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар, құрылыс жұмыстары жүргізілген екен. Аягөз-Үржар аудандарына арналған әкімшілік қамауға алынған тұлғалардың арнайы қабылдау орны күрделі жөндеуден өтіпті. Жөндеу жұмыстары стандарттық талаптарға сәйкестендіріліп артқарылған екен. Сонымен қатар «Жедел басқару орталығының» жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілуде екен. Алдағы уақытта, аудан бойынша 34 бейне-бақылау камералары қойылып, қылмыстың алдын алу мақсатында үнемі бақылау орнайды деген жаңалықты да айта кеткен жөн. Сондай-ақ, аудан тұрғындарын қауіпті індеттен сақтандыруда белсенді қызмет атқарып, денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатерге қарамастан қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиялогиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етіп жүрген құқық қорғау органдары өкілдеріне аудан әкімі тарапынан алғыс білдірілгенін де жеткізе кетсек дейміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив