KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Әкімдік отырысы zoom платформасында өтті

3.12.2020, 15:43 132
24 қараша күні аудан әкімі С.Ысқақов кезекті әкімдік отырысын карантиндік талаптарын сақтай отырып, онлайн форматта өткізді.
 Zoom платформасында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2020 жылға орындалуы туралы, ауданда коммуналдық меншікті басқару, нысандарды мемлекеттік коммуналдық меншікке қабылдау және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы, сонымен қатар от жағу маусымының өтуі, жеке тұрғын үйлерді іске қосу барысы туралы мәселелер тыңдалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив