KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Үйі өртеніп кеткен Аягөз тұрғыны баспаналы болды

2.12.2020, 18:39 109

«Харекет» қайырымдылық қоры таяуда тұрғын үйлері қора жайларымен қоса қызыл жалын құшағында қалып, жалдамалы пәтерді сағалаған Аягөз қаласының тұрғыны Маржан Ахметжановаға тұрғын үйдің кілтін табыстады. Сөйтіп, аталған қордың ШҚО бойынша өкілі Шынар Сыдықованың қатысуымен кезекті мейірімділіктері аясында үлкені 5 сыныпта оқитын, ең кішкентайы алты айлық 7 баланың анасы Маржанды баспаналы болу бақытына бөледі.

Бүгінде құрылтайшылары Мадияр Серікбаев пен Гүлмира Мұханқызы болып табылатын республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры 2017 жылдың қазан айының 7 жұлдызынан Алматы қаласында тіркеліп қамкөңіл жандарды баспанамен қамтуда «Өнер қырандары» театрының қолдауымен төл мерекелері қарсаңында республикамыздағы 307-ші, облыста 29-шы, ал ауданымыз орталығы Аягөз қаласында 9-шы отбасына тұрғын үй кілттерін табыстады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив