KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Аягөздің әкімі елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады

2.12.2020, 18:24 148

2020 жылдың атаулы мерекелерінің бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерекесі, осы орайда аудан әкімі Сеилбек Абұирұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 шілдедегі Жарлығы бойынша “Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл” мерекелік медалін Аягөз қалалық қазынашылық басқармасының басшысы Салибаева Гульнараға табыстады. Сонымен қатар, биылғы жылы «ШҚО кәсіподақ ұйымының 100 жылдығы» және «Кәсіподақ федерациясына 30 жыл» толып отыр. 10-қазан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күніне орай, аудан әкімі С.Ысқақов ауданымыздағы кәсіподақ белсенділерімен ардагерлерін арнайы құттықтады.

Жиын барысында, Мемлекеттік банк және қоғамдық мекемелер кәсіподағы қызметінің арнайы «Құрмет грамоталарын», облыстық

және аудандық кәсіподақ ұйымдарының «Алғыс хаттарын» кәсіподақ белсенділерін марапаттады. «ШҚО кәсіподағының 100 жылдығы» мерекелік медалін ардагер кәсіподақ мүшелеріне табыстады. Ауданымыздағы кәсіподақ мүшелерін төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив