KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Даниал Ахметов ШҚО тұғындарын бүгінгі мерекелерімен құттықтады

1.12.2020, 13:34 132
Құрметті жерлестер!

Сіздерді айтулы мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегінің айқын айғағы! 

Сонау 1991 жылы Елбасы халқымыздың болашағы үшін тарихи жауапкершілікті мойнына алып, мемлекетімізді қайта жаңғыртып, 30 жыл ішінде халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған экономика мен әлеуметтік салаларда орасан зор реформалар жүргізді.

Тұңғыш Президенттің дана, көреген саясатының арқасында Қазақстан өзге мемлекеттер үшін жоғары сенім мен құрмет дәрежесі бар сенімді серіктес ретінде қалыптасты. Қасиетті Абай жерінде ядролық полигон мәңгі жабылып, еліміз өз қауіпсіздігінің халықаралық деңгейдегі кепілдігін алды. 
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халық пен мемлекет игілігі жолындағы белсенді және жемісті қызметі - өз Отанына қалтқысыз қызмет етудің үлгісі.
Осы мереке күні Елбасыға және баршамызға зор денсаулық, амандық және толағай табыс тілеймін!

___

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив