KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

852 млн теңгенің салығы. Өскеменнің тұрғыны жалған бухгалтерлік құжаттар үшін сотталды

26.11.2020, 10:37 137

Өскемен қаласының тұрғыны қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыс орындамай, қызмет көрсетпей, тауарды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазу фактісінің жолын кесті.

Жедел іздестіру шараларының барысында күдіктінің екінші деңгейлі банкте ақша қаражатын жүйелі түрде қолма-қолға айналдырып отырғаны анықталды

Өскемен қаласындағы бір банкте 14,9 миллион теңге көлеміндегі ақша қаражатын қолма-қолға айналдыру барысында жалған кәсіпорын басшысы ұсталды.

Өскемен тұрғыны 2015-2019 жылдар аралығында жалған 4 кәсіпорынды туыстары мен таныстарына тіркей отырып, жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан.

Бұл кәсіпорындарда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін автокөлік, үй-жай, өндірістік техникалық база және қызметкерлер штаты болмаған.

Жалған фирма басшыларының қаржы шаруашылық мәселесімен айналыспағаны, бухгалтерлік есеп жүргізбегені және салық есебін тапсырмағаны анықталды. Іс жүзінде фирмалар қылмыстық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін, контрагенттерге салықтан жалтару үшін жалған есепшот жазып берумен айналысқан.

Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 852,5 млн теңге көлемінде шығын келгені анықталды. Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 28 және 216 баптарының 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив