KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Тарбағатайлық азамат жерлестеріне соғым сойып берді

25.11.2020, 14:14 170

Тарбағатай ауданының атымтай азаматы жерлестеріне соғым сойып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– «Өзін-өзі ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі» дегендей, елімізге белгілі жерлесіміз, қазақ күресін дүниежүзіне әйгілеген спорт жанашыры Бәделхан Камалханұлы Сабуров әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға жыл сайын қайырымдылық жасап келеді. Биыл да сол атымтай жомарттығымен Ақсуат ауылындағы жоғарыда аталған санаттағыдай 14 отбасыға жеті жабағы таратып берді. Бір соғымды екі отбасыдан теңдей бөліп алды. Күн суытып қыс түскенде бұл халыққа үлкен қолдау болды. «Әр қазақ менің жалғызым» деп, туған жерге, оның тұрғындарына жанашырлық танытып жүрген Бәделхан Сабуровтың ізгілікті ісін жалғап әкетер азаматтарымыз ауданда көп болса екен дейміз, – дейді аудан әкімі Асхат Смайылов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив