KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Тұрғысын ГЭС-і жұмысшылардың жалқасын өтей бастады

25.11.2020, 11:17 69
Тұрғысын ГЭС-і жұмысшылардың жалқасын өтей бастады. Сондай-ақ барлық қызметкерлерге зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жасалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тұрғысын ГЭС-і жұмысшылар жалақысын объективті себептерге байланысты кешіктіріп келген. Соның бастысы – коронавирус пандемиясы. Гидроэлектростанцияның «бойына қан жүгіртетін» мамандар келе алмағандықтан, нысанның жұмысы уақытша тоқтап қалды. Алайда қазір инвестор қажетті қаражатты толық аударды, ал мердігерлер өз қызметкерлеріне жалақы төлей бастады. 
Негізі ГЭС-тегі жағдай соншалықты шиеленісті деуге де болмас. Еңбекқақыға байланысты түйіткілдер соңғы екі айда пайда болды. Оның өзінде жұмысшылар жарым-жартылай жалақы алып келген.
– Бүгіннен бастап 161 адам жалақы ала бастады. Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Стратегиялық нысанға біздің сот орындаушымыз барды. Ол жалақының төленуін ғана емес, зейнетақы мен әлеуметтік аударымдардың толық жасалуын да қадағалайтын болады. Тұрғысын ГЭС-інде шын мәнінде проблемалар болды, бірақ қазір жағдай жақсара түсті, – дейді облыстық еңбек инспекциясының басшысы Бақытбек Қизатов.
Тұрғысын ГЭС-і – өңірдегі баламалы энергетиканың маңызды жобаларының бірі. Қазіргі уақытта облыс басшылығы жағдайды жіті бақылап, қолдан келген шараны жасап жатыр. Одан нәтиже де шықты. Қызметкерлерге еңбек ақыларын ала бастады. Алдағы уақытта барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясы мердігерлерді және барлық төлемдер мен аударымдардың уақтылы берілуін қадағалайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив