KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Аягөздің әкімі мәселелерді онлайн шешіп жатыр

25.11.2020, 10:33 164

Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов тұрғындармен онлайн форматта жүздесіп, халықтың көкейкесті сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы аудан басшысы өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасына жариялады. Әкімнің айтуынша, тұрғындар тарапынан түскен бірқатар өтініштерді тыңдалып, тиісті мекеме басшыларына тапсырма берілген.


«Құрметті жерлестер! Бүгін карантиндік шектеулерге байланысты онлайн форматта қала тұрғындарымен байланысқа шықтым. Алдағы уақытта барлық мәселелердің шешілу жолын бақылауымда ұстайтын боламын», деп жазады Сейілбек Ысқақов.


Аягөздіктер көбінесе, карантиндік шектеу, денсаулық жағдайлары және әлеуметтік мәселелер төңірегін сұрақ қойды. Аудан әкімі жүзбе-жүз сөйлескен және пікір қалдырған тұрғындардың байланыс телефонын алып, қордаланған мәселелер жақын арада шешілетінін айтып уәде берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив