KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Глубокое ауданында көпбалалы және кезекте тұрған отбасылар үшін 60 пәтерлі үй салынды

23.11.2020, 17:24 124

Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова тұрғын үй құрылысы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.
Биыл аудан орталығы Глубокое кентінде "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.  Оның 45-і кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін болса, қалған 15-і көп балалы отбасыларға берілмек.
Бұдан басқа, қазір Глубокое кентінде 20 көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін екі пәтерлі 10 үйдің құрылысы жүргізілуде. Облыстық бюджет қаражаты есебінен үйлерді сатып алуға 280 млн теңге, сондай–ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу үшін аудандық бюджет есебінен 28 млн теңге бөлінді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив