KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Көп балалы отбасылар биыл баспаналы болады – Глубокое

16.11.2020, 15:01 191

Глубокое әкімдігінің мәліметі бойынша, ауданда 75 көп бабалалы отбасы бар, оның 35-і Глубокое кентінде тұрады, деп хабарлайды Алтайньюс.


Қазіргі уақытта аудан орталығында екі пәтерлі он үйдің құрылысы жүргізілуде. Мердігер компания «Терезе» ЖШС тұрғын үйлерді өз есебінен салып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйлер облыстық бюджет есебінен сатып алынады.


– Құрылысшылар нысандарды жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр, – дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дамир Ордаханов.


Сондай-ақ кентте бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Мұндағы пәтерлер негізінен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Ал 15 пәтер республикалық бюджет есебінен сатып алынып, көп балалы отбасыларға берілетін болады.


Айта кету керек, биыл ауданда екі отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспаналы болды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив