KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Гүлманат Әуелқанқызының «Өң мен түс» атты кітабының тұсаукесері өтті - ШҚО

12.12.2022, 11:48 989 Ләззат Қанатқызы

Пушкин атындағы кітапханада шығыстың танымал ақын қызы Гүлманат Әуелқанқызының «Өң мен түс» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шара кітапхананың «Әдеби-HAB» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Гүлманат Әуелханқызы халықаралық және республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері. Өлеңдері «Жас толқын», «Қоштасқым келмейді», «Алатау жырлайды», «Сезім тамшылары» жыр жинақтарына және «Қазақ поэзиясы» антологиясына енген. «Жүз өлең» жыр кітабының авторы. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық білім беру бөліміне қатысты ақындар мектебінің жетекшісі.

Кездесу барысында жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, ақын жастармен еркін сұхбат құрды.

- Шығармашылыққа қабілетті жастардың сан сауалдарына жауап беріп, ізденісте жүрген жастарға бағыт-бағдар берді. Іс-шара әнмен әрленіп, ақын өлеңдерімен өрнектелді. Ақын туындыларынан монологтар да оқыды. Кездесуге зиялы қауым, жас ақындар, шығармашылыққа қызығушылығы бар жастар, жалпы өнерсүйер қауым қатысты. Еліміздің танымал азаматтарымен кездесу – жастарға рухани жағынан серпін, болашақтарына бағыт-бағдар береді деп сенеміз, - дейді шараның ұйымдастырушылары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив