KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
439.4 473.54 4.76

Шығыстағы қаламгерлер астанадан Президенттің қолдауын сезініп қайтты

28.04.2023, 21:23 738

Шығыс Қазақстанның әдеби қоғамдастығы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі, өзара түсіністігі мен этномәдени әртүрлілігіне орай құндылықтарын насихаттайтын жазушылар, сценаристер, журналистер, кинематографистер және басқа да мәдени қайраткерлердің шығармашылығын қолдау туралы бастамасын аса үлкен қуанышпен қабылдады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы барысында Мемлекет басшысы этникалық театрлар мен олардың нағыз халықтық ұжымдарының шығармашылығына ерекше мән беру қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Осы театрлардың гастрольдерін барлық өңірлерде, еліміздің үздік сахналарында, сондай-ақ шетелде ұйымдастыру қажет деп санаймын. Қазақстанның этномәдени әртүрлілігі көркем фильмдерде, телехикаяларда, театр қойылымдарында көрініс табуы керек... Қазақстанның түрлі этностарының тілдерінде шығарылатын БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аудару қажет. Олар бірлік пен өзара түсіністік құндылықтарын жан-жақты ілгерілетуге, жалпыұлттық күн тәртібіне назар аударуға тиіс", – деп атап өтті Президент Ассамблея сессиясында.

Елордаға делегация құрамында барған ақын әрі драматург, ШҚО ҚХА мүшесі Аскерхан Ақтайдың пікірінше, этносаралық келісімді нығайту жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін күшейту қажет. Президенттің қазақ халқының, сондай-ақ Қазақстанды өз Отаны деп санайтын басқа да этностардың мәдени мұрасын дамыту және насихаттау жөніндегі тапсырмасының тарихи маңызы бар.

– Шығармашылықтың адамы ретінде маған бастама өте ұнады. Сессия барысында қаламгерлер үшін жақсы жаңалық айтылды. Президент еліміз бен жерімізде нақты істер арқылы үйлесімділік пен келісімді нығайтуға ықпал ететін азаматтарды жан-жақты көтермелеуді тапсырды және ҚХА-ның екі сыйлығын бекітуді ұсынды. Олардың бірі – әдебиет пен журналистика саласындағы үздік жұмыстар үшін белгіленсе, екіншісі – мәдениет пен өнер саласындағы үздік туындыларға берілмек. Шығармашылық адамдарының елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде бағалау жалпыұлттық бірлікті нығайтуға тың серпін қосады, – деді Аскерхан Ақтай


.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив