KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

«Сақ" этномәдени орталығы ашылды – фоторепортаж

16.05.2023, 14:59 1 922 Оразай Жеңісұлы

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Сақ" этномәдени орталығы ашылды.

Бұл орталық түркі халықтарының тарихынан, оның бір тармағы болып келетін қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерінен хабар береді.

 

– Әрі кітапхананың бүлдіршін оқырмандары ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп өседі. Орталықтың жұмысы аясы кең болады деп сенеміз. Балаларға ұлттық ойындар ұйымдастырумен шектелмей, таным көкжиегін кеңейтетін кітаптар насихатталып, әртүрлі пікірталастар ұйымдастырылады, ғылыми жобалар жазылып, оқырман алдына жетеді деген ойдамыз, – дейді кітапхананың көпшілік жұмыстар орталығының жетекшісі Ақерке Досанова.

 

Этномәдени орталықтың ашылу рәсіміне жиналған көпшілік қолөнер шебері Дүйсен Шөкенұлының бұйымдары қойылған көрмені тамашалады. Шебердің өзі қамшы өрудің, ертоқым мен киіз үйдің жасалу жолдарын көрсетті.

 

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар «Қоңыр: үн, тіл, діл» атты инсталляциялық көрмесінде бағзы замандағы қазақ халқының сыр мен мұңға толы әуездерін тыңдап, әншілер мен күйшілер туралы толық мағлұмат алды.

 

– Бұл орталықтың бір міндеті – балаларды бағзы замандағы қазақтың теңдессіз салт-дәстүрімен, жылдамдық пен шапшаңдыққа тұнып тұрған ойындарымен, күйлі, нәрлі тағамдарымен, оралымды ойға бай мақал-мәтелдерімен таныстыру. Талабы таудай балаң оқырмандарды батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, төзімділік пен адамгершілікке баулу жолында еңбектенеді, – дейді облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Назгүл Кенжебекова.

 

«Сақ» этномәдени орталығы қазақ халқының ғана емес, бауырлас түркі халықтарының тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүрінен мол мағлұмат береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив