KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1,9 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Аяужан Утеулинованың суреті
Аяужан Утеулинованың суреті
20.06.2023, 10:53 2 295 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да «ALDONGAR Productions» компаниясы алғаш рет көркем толықметражды фильм түсіріп жатыр.

«Бұқтырма» деп аталатын туындының басты мақсаты – өңірдің қонақжайлығы мен туризмін дамыту. Продюсердің айтуынша, кинода туып-өскен елің мен жеріңді құрметтеу, тазалығы, табиғатын сақтау сияқты тақырыптар да көтеріледі.

Altaynews.kz сайтының тілшісі түсірілім жұмыстарымен танысып қайтқан болатын.

- Өзім Шығыс Қазақстанның тумасы болғандықтан облысымыздың әсем табиғатын көпшілікке көрсету бала кезден бергі арманым болатын. Бүгінде сол арманым орындалды. Осы туынды арқылы көрікті жерлерімізді өзге өңірлер мен шет мемлекеттерге таныстырғым келеді. Сондай-ақ туризмді дамытуға да атсалысамыз деп ойлаймын, - дейді продюсер Әлия Увальжанова.

12 маусым күні Бұқтырма жағалауында басталған түсірілім жұмыстары маусым айының аяғына дейін жалғаспақ. Ал көпшіліктің назарына қараша айында ұсынылуы мүмкін.

- Мен Шығысқа алғаш рет келіп отырмын. Осы уақытқа дейін түрлі елдер мен қалаларда болдым, солардың ішінде Шығыстың табиғаты ерекше ұнады. Түсіп жатқан картинамыз – комедия. Бірақ жанры басқа комедиялардан өзгешелеу. Ал кинодағы мен рөлім өте қызықты, «Бұқа» деп аталады. Толық сюжетті айта алмаймын. Оған шыққан кезде куә болып, бағасын бересіздер, - деді актер Дәулет Абдығапаров.

Жергілікті жердегі халық та түсірілім жұмыстарына белсене атсалысқан көрінеді.

- 10 жыл бұрын осы жерге өзім де турист болып келгенмін. Сол кезде "осындай тамаша табиғатта неге кино түсірмеске?" деген ойға келдім. Жалпы, киноның мақсаты – туризмді дамыту болғанымен, ол туралы айтылмайды. Тек арасындағы кадрлар арқылы халыққа жеткізіп, қызығушылығын оятқымыз келеді.

 Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив