Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Діни сауаттылық – сенімді қалқан

16.10.2022, 00:26 19 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазіргі әлемде ұлттық бірлікті және халықтың рухани-мәдени құндылықтарын сақтау өте маңызды. Діни сауаттылық теріс әлеуметтік құбылыстардан тиімді қалқан құруға көмектеседі.

Қазіргі уақытта діни сауаттылықтың маңызын бағаламауға болмайды. Өйткені, хабардар болмаудың және надандықтың салдарынан адамдар деструктивті ағымдардың жетегіне ереді. Көбінесе бұл ағымдардың әсеріне жастар, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері және түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар ұшырайды. Қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың мәліметтері бойынша, 21-ші ғасырдың басынан әлем халқының 99,7 пайызы тұратын 163 елді қамтыған 190 000-нан астам террористік акт орын алған. Террористік актілердің көбі діни негізде іске асырылады.

Дін туралы базалық білімнің болмауы адамды деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары үшін жеңіл нысанаға айналдырады. Көптеген адамдар бұл саладағы олқылықтардың орнын толтыру үшін бүкіләлемдік ғаламтордан ақпарат алу керек деп санайды, керісінше тиісті біліктілігі бар мамандардың көмегіне жүгінген жөн.

Діни сауаттылық экстремизм, терроризм, радикализм сияқты қауіпті құбылыстардан қорғап қана қоймай, жеке қасиеттерін ашып, сыни және толерантты ойлауды қалыптастыруға қабілетті. Мамандардың айтуынша, бұл – конфессияаралық диалог құрудың маңызды факторы, сонымен қатар дін саласындағы көптеген мәселелерді шешу жолы.

Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың діни және құқықтық сауаттылығы мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Өңірде ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді, олардың құрамына дінтанушылар, теологтар, психологтар, ШҚО дін істері басқармасының және ШҚО дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандары енеді.

Дін саласындағы сарапшылар халықтың рухани және мәдени мұрасын сақтау, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту және діни радикализм идеологиясының алдын алу бойынша тұрғындардың жеке топтары арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Сондай-ақ, бұл қызметке шығармашылық интеллигенция, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық, мәдениет және спорт өкілдері тартылады.

Шығыс Қазақстан облысына дін саласындағы білікті мамандардан тұратын республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) келді.

Өскеменде және Зайсан, Ұлан, Глубокое аудандарында бірқатар кездесулер өткізіліп, мамандар өңірдің 500-ден астам тұрғынына дін мәселелері бойынша кеңес берді.

Әңгіме барысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызы, деструктивті жалған діни, радикалды ағымдардың зияны және олардың ықпалына қарсы іс-қимыл шаралары сияқты тақырыптар қозғалды.

Белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысы дін саласында базалық білімді қалыптастыруға, халықтың құқықтық этикасы мен мәдениетін тәрбиелеуге, сондай-ақ конфессияаралық және этносаралық негізде жанжалдардың алдын алуға ықпал етері белгілі.

Бұл жағдайда әр адаммен берік байланыс пен сенімді қарым-қатынас орнату өте маңызды, сондықтан ақпараттық-түсіндіру топтары аудиториямен қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын қолданады, олар бәріне қызықты және түсінікті болуы керек. Ең тиімдісі – семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен пікірталастар. Мұндай іс-шаралар халықтың барлық санаттары арасында өткізіледі.

Айталық, ағымдағы жылдың сегіз айында облыстың ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері 120800 адамды қамтыған 1679 кездесу өткізді. Атап айтқанда, жастармен 418 кездесу өткізіліп, 65130 адам қамтылды.

Еңбек ұжымдарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Өскемен СЭС АЭС», ҮМЗ және KAZ Minerals Артемьев кеніші базасында кездесулер ұйымдастырылды, оларға 140 адам қатысты.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында, оның ішінде ШҚО төтенше жағдайлар департаментінде, ІІМ ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасында, ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, 27943 және 6699 әскери бөлімдерінде, ҰҚК ШҚО бойынша шекара қызметі департаментінде діни сауаттылықты арттыру бойынша кездесулер өтті. Барлығы 260 адам қамтылды.

Мұндай іс-шаралар кезінде қатысушыларға дін саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндіріледі, елде тіркелген діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпарат беріледі, тыйым салынған деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қаупі туралы айтылады.

Атаулы кездесулерден басқа, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары облыстық дін істері басқармасының, ШҚО діни басқармасының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалар арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әр түрлі ақпараттық-түсіндіру материалдары жарияланады, онда халықпен кездесулердің нәтижелері көрсетіледі.

Ислам, православие және католицизм туралы толық ақпаратты діни бірлестіктердің мына ресми сайттарынан алуға болады: www.muftyat.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, mitropolia.kz – Қазақстандағы орыс православие шіркеуінің митрополиттік округі, catholic-kazakhstan.org – Қазақстандағы католик шіркеуі, немесе ШҚО дін істері басқармасының 8 (7232) 705-656 сенім телефоны бойынша жүгінуге болады.

Еңбек ұжымдарында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда ШҚО дін істері басқармасына Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19 үй, 504 кабинет мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7232) 608-277 телефоны бойынша хабарласу керек.

 

Мақала ШҚО дін істері басқармасының тапсырысы бойынша әзірленді

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив