Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

"Бұл - ереуіл емес". Өскемендегі №262 бағыттағы қоғамдық көліктер өзінің жұмысына қайта кірісті

13.07.2022, 14:50 13 0

Бүгін таңертең Жібек маталар комбинаты ауданының тұрғындары аялдамада сағаттап тұрып, жұмысқа жете алмай қалған.

Өйткені №262 шағын автобустары соңғы аялдама - "Кемежайда"  жиналып алып, жүрмей қойған.

Өскемен қалалық Жолаушы тасымалдауды басқару орталығы бұл тасымалдаушы компания мен жүргізушілер арасындағы келіспеушілік деп мәлімдеме жасады.

- Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары, бұл - ереуіл емес. Тасымалдаушы компания мен жүргізушілер арасында келіспеушіліктер туындаған. Бұл жағдайға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселе шешім тапқан соң қосымша ақпарат беретін боламыз, - деп жазды мекеме өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Артынша қала әкімінің орынбасары Арман Искаков, Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы мен Жолаушыларды тасымалдайтын компания жүргізшілердің назын білмекке арнайы кездесті. 

- Жүргізушілер тасымалдайтын компанияның, яғни жұмыс берушінің ішкі тәртібіне қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды. Келіссөз барысында тасымалдаушы компания - жеке кәсіпкер Кривошеев тиісті олқылықтардың орнын алатын болып, достық келісіммен тарқасты. Сағат 13.30-дан бастап №262 бағыттағы автобус өзінің жұмысына қайта кіріседі, - деп мәлімдеді Жолаушы тасымалдауды басқару орталығы.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив