KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, В
448.15 483.46 4.86

70 кг астам бұзылған өнім дүкен сөрелерінен алынып тасталды - ШҚО

11.07.2022, 16:15 383

Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстың сауда желілерінде сатылатын өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізді.

Мәселен, биыл 6 айда 944 тамақ өнімінің сынамасына іріктеу жүргізілген, оның ішінде 144 сынама техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген. Департаменттің мәліметінше, сәйкес келмеген тағамдардардың негізгі үлесі импорттық өнімге тиесілі.

- 32 сынама халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылды, оның ішінде 13 сынаманың жарамдылық мерзімі өткен, 4 сынама микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Жарамдылық мерзімі өткен немесе микроорганизмдермен себілген өнімдерді пайдалану тамақтан улануды ғана емес, сонымен бірге тұтынушының өміріне қауіп төндіруі мүмкін, - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, іріктеуге алынған өнімдердің 82,6%-ы таңбалау талаптарын бұза отырып, сатылған болып шықты. Ол жерде сақтау шарттары, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі туралы ақпарат та көрсетілмеген.

-  Тамақ өнімдерін өткізушілерге, өндірушілерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 120 ұйғарым беріліп, 72,3 кг тамақ өнімі сатудан алынды. Өнімнің сәйкестігін растайтын «сұр» және жалған құжаттарды (декларациялар) анықтау бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 2 декларацияның қолданысы тоқтатылды және 4 декларацияның қолданысы сәйкестік расталғанға дейін уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. 

Осылайша  сауда желісінен тамақ өнімдерін сатып аларда мамандар өнімнің дайындалған күніне және сатудың соңғы мерзіміне, сыртқы түріне, түсіне, иісіне, консистенциясына, қаптаманың тұтастығына, өнімнің қандай жағдайда сақталғанына назар аударуды ескертеді. Ал сақтау шарттары сақталмаған стихиялық сауда орындарында азық-түлік сатып алуға болмайды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив