KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Өскемен тұрғындарынан 5 млн теңге айыппұл өндірілді

8.07.2022, 17:51 331

Ағымдағы жылдың 1-7 шілде аралығында облыс орталығында «Айыппұл төле» акциясы өткізілді. Оған Өскемен қаласы Полиция Басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері, саптық бөлімшелердің қызметкерлері, ШҚО сот орындаушыларының өңірлік палатасының прокуратура және жеке сот орындаушыларының өкілдері қатысты.

Аталған акция барысында Әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыс атқарды.

«Іс-шара қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері мемлекет бюджетіне 5 163 091 теңге өндіріп алды. Сондай - ақ, жедел алдын алу іс-шарасы кезінде мамандандырылған тұраққа 21 автокөлік қойылды, олардың иелерінде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешектері бар», - деп түсіндірді Өскемен қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Андрей Мула. 

Айыппұлдарды төлеу барлық банк мекемелерінде және электрондық үкімет порталы арқылы жүргізілетінін еске саламыз. Қазақстан заңнамасында құқық бұзушыларға салынған айыппұл сомасын екі есе қысқартуға мүмкіндік беретін норма қолданылады, егер 7 күн ішінде айыппұл сомасының 50% - ын төлесе, бұл ретте түбіртекті тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімшесіне дереу ұсыну қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив