KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО Полиция департаментінде жас қызметкерлердің форумы өтті

17.06.2022, 11:46 522

Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай, құқық қорғау органдарында қызмет етуді таңдаған облыстың ең үздік жас қызметкерлерінің бірі өз тәлімгерлерімен бірге бір залда жиналды. Референдумды ашқан Долиция департаменті бастығының орынбасары Ринат Унарбеков:

- «Қазіргі уақытта жастарды тәрбиелеу ісі - Қазақстан Республикасының Президенті қойған басым міндет. Бұл жұмыс барлық жерде және әрбір жас қызметкермен жүргізілуі тиіс. Қазіргі уақытта біздің жұмысымыздың барлық бағыттарына патриоттық жастар қажет».

Форумда талқыланған негізгі мәселелердің бірі полицияның сервистік моделіне көшу мәселесі болды. Жас қызметкерлер алдында тәжірибелі полиция қызметкерлері, ардагерлер сөз сөйледі.

- «Полиция алдына жаңа міндеттер қойылады, соның ішінде қазіргі әлемдегі жағдайға байланысты, бұл жағдайда жеке құрамның тәртіптілігіне, дайындығына және машығына қойылатын талаптар шексіз артады», - деп атап өтті өз сөзінде ШҚО ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Серікжан Абдуахитов.

Форум ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Г. Үдербаевтың жас қызметкерлерге өз еркімен ішкі істер органдарына қызметке келген жас толықтыруларға сенетінін және аға буынның жауынгерлік дәстүрлерін лайықты жалғастыратынына, қызметте сынақтардан абыроймен өтетініне, қызметтік борышын орындау үлгісімен алдағы әскери іс-шараларға белсенді қатысатынына үміттенетінін айтумен аяқталды.

Форум соңында қатысушылар Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мұражайын тамашалап, Өскеменнен 37 шақырым жерде орналасқан Ақ-Бауыр ежелгі астрономиялық кешеніне экскурсия жасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив