KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

Биыл ШҚО-да алты бағыт бойынша жол жөнделеді

12.02.2019, 08:41 244

Биыл облыстық маңыздағы жолдарды жөндеуге 2,6 млрд теңге бөлінбек. Бұл қаржыға 246 шақырым жол жөнделмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жөндеу көретін жолдардың көш басында Бородулиха-Жезкент бағыты тұр. Облыс әкімі Даниал Ахметов аталмыш ауданға жасаған сапары барысында тұрғындарға Жезкентке апаратын жолды жөндеп беруге уәде еткен болатын. Биыл Семей-Қарауыл жолындағы жөндеу жұмыстары жалғасын таппақ. Сондай-ақ, Семей-Курчатов, Өскемен-Самар, Үлкен Нарын-Күршім бағытындағы жолдар жөнделеді.


«Аталмыш жобаларға 2,6 млрд теңге қарастырылған. Оның тең жартысы республикалық бюджеттен, екінші жартысы облыс қазынасынан бөлінеді» - деді облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив