KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-ның жомарт азаматтары көпбалалы аналарға көмек көрсетіп жатыр

11.02.2019, 04:23 222

ШҚО-ның аудандары мен қалаларында «Жүректен жүрекке» акциясы белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Меценаттар, кәсіпкерлер және жай ғана жомарт жүректі жандар облыс аумағындағы көпбалалы аналарға көмек көрсетуде. Бірі азық-түлікпен, екіншісі тұрмыстық жабдықтармен, үшіншісі мектеп құралдарымен дегендей...


Солардың бірі – Тарбағатай ауданының тумасы Бәделхан Камалханұлы. Ол 13 бас жылқы сойып, етін аудандағы көпбалалы отбасыларға таратып берген екен.


Мұнымен қатар Семей қаласының жастарын да атай кету керек. Жастар демалыс күндері қаладағы 200-дей шаңырақты аралап, есік алдының қарын күреуден бастап, әртүрлі көмек көрсеткен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив