Өскемен
-17°
облачно с прояснениями ветер 1 м/с, СЗ
456.98 489.43 6.45

Шығыстағы әскери-патриоттық тәрбие жұмысы жоғары бағаланды

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

23.11.2022, 16:00 249 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменге ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары, Ауған соғысының ардагері, отставкадағы генерал-майор Мұқан Дүйсекеев келді.

Өскемен гарнизоны баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Мұқан Естайұлы өңірдегі әскери-патриоттық тәрбие жұмысының барысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ол ең алдымен ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтовпен және әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында қызметін үйлестіріп жүрген басқарма басшыларымен кездесті. Кездесу барысында жас ұрпақты өз Отанының патриоты болуға  бағытталған шаралар легі жөнінде де сөз қозғалды. Сондай-ақ генерал-майор шығыстағы ардагерлер мен әскери патриоттық тәрбие беру орталықтарын аралады.


Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі 

- Бұл орталықтар балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесіне баса мән беріп, патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуі тиіс. Әрі азаматтық борышы мен негізгі конституциялық міндеттерді орындауды жүзеге асыруды қамтамасыз етулері қажет, - дейді Мұқан Естайұлы.

Мұқан Дүйсекеев патриоттық тәрбие беру жұмыстарының барысымен танысу үшін Ұлан және Глубокое аудандарындағы әскери-патриоттық клубтарға барып қайтты. Айтуынша, мұндай орталықтардың маңызы зор.  Сонымен қатар, ол шығыста іске асырылып жатқан бастамалар ел азаматтарының бойында патриоттық санасын қалыптастыруға себеп болатынын айтып өтті.

- Осы аймақтың жігіттері өздерінің білімімен, мықты күш-жігерімен ерекшеленеді. Әрине, жергілікті билік өкілдеріне осындай орталықтардың қызметін жандандыруға көмек қолын созғаны үшін алғыс білдіремін, - деді генерал Дүйсекеев.

Бұдан кейін ол аймақ жастарымен кездесті. Әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын көпшілікпен талқылап, салада кездесетін проблемаларды шешу жолын қарастырып, жалынды жастардың пікірін тыңдады.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан әскери патриоттық тәрбие беру жұмысына генерал Дүйсекеев жоғары баға беріп отыр. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар игі жалғасын табатындығына сенім білдірді.


Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі 

 Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив