Өскемен
+1°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Зайсанда газ құбыры жарылды. Үйлер уақытша автономды жылу көздеріне көшті

28.01.2021, 09:33 88 0
2021 жылдың 27 қаңтар күні сағат 19-30-да "Барыс көл" ЖШС экскаваторшысы Әлібек Өткелбаев көпір құрылысы бойынша жер жұмыстарын орындау кезінде Зайсан ауданының 9 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымды магистралды газ құбырына байқаусызда зақым келтірді.

Нәтижесінде, Айнабұлақ, Қаратал, Үлкен-Қаратал, Шалқар, Көгедай, Қайнар, Кеңсай, Жамбыл, Қарабұлақ елді мекендеріндегі 2105 абонентке газ беру шұғыл тоқтатылды. 

Аудан әкімінің басшылығымен қалпына келтіру жұмыстары орнында штаб құрылды. 6 мотопомпа, АЦ-40, 1 КУНГ, 50 техника, сондай-ақ "Барыс көл" ЖШС тарапынан барлық қажетті техника жұмылдырылды.

9 елді мекенде көмір мен қажетті отын қорын тасымалдау ұйымдастырылды. Айта кетейік, барлық үйлер апат кезінде автономды жылу көздеріне көшті. Ал сыртқы ауа температурасы -17 градусты құрады. 

Бүгін таңертең сағат 8.00-де апат салдары жойылып, абоненттерді қосу жұмыстары басталды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив