KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 8 м/с, С
448.56 478.03 4.79

«Өскеменде қасқырлар жүр» деген ақпарат рас па? Мамандар жауап берді

18.01.2021, 11:53 270
Екі күн бұрын желіде «Өскеменде қасқырлар жүр» деген ақпарат тарады. Тұрғындар жыртқыштардың 19-шы шағын ауданда қоқыс маңайын кезіп жүргенін айтып, бейнежазба жариялады. Алайда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Әзірше мұнда үш кішкентай қасқыр. Қоқыс алаңында жүр. Өздері адамға шабады, – деген еді бейнежазба авторы. Желіде бұл айтылғандарға күмәнмен қарағандар да болды.

«Қасқырлар адамдарға осыншама жақындап келмейді. Келсе де, бұлай камераға қарап тұрмас еді. Көп адам иттерді қасқырмен шатастырып жатады», – деп жазды олар. 

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деді. 

– Біз 19-шы шағын ауданда іздестіру жұмыстарын жүргізіп, «жыртқыштардың» қасқырға ұқсас иттер екенін анықтады. Яғни желіде тараған ақпарат жалған,  – деді «Орман және аңшылық шаруашылығы жедел жасағының» өкілі Мақсат Шәкіров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив