KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Жәрдемақы тағайындау қызметтерін смс арқылы алуға болады

10.12.2020, 12:13 267
"Мүгедектік", "Асыраушысынан айырылу", "Алтын алқа" - Әлеуметтік төлемдер алу жолы қалай?

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыстық филиалы директорының орынбасары Жанат Өмірғалиева әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді проактивті жолмен алуға болатынын  айтып берді. 

Қазіргі уақытта проактивті форматта асыраушысынан, еңбек ету қабілетінен, жұмысынан айырылу және мүгедектігі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау сияқты қызметтерді алуға болады. 

Сондай-ақ бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша, "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері атанған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау қызметтерін смс арқылы алуға болады. 

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында проактивті тәсілмен 10 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Мәліметтерге сәйкес, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18% көп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив