KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Өскеменде жоғалып кеткен бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі табылды

9.10.2022, 10:53 167

7 қазан күні сағат 13:30-да "102" арнасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының міндетін атқарушы хабарласқан. Оның айтуынша, орталықтың кәмілетке толмаған тәрбиеленушілерінің бірі мектептен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған көрінеді.

  • - Кәмелетке толмағанның тұрған жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.  Тәртіп сақшылары қандай да бір ақпаратты меңгере алатын таныстар мен куәгерлерден сауалнама алып, бүкіл іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият аралап шықты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Нәтижесінде уақытылы қабылданған шешімдердің арқасында кәмелетке толмаған бала бау-бақша қоғамдастықтары бірінің саяжайында анасының танысынан табылды. Жоғалған баланың орналасқан жері туралы анасы хабарлаған.

- 07.10.2022 жылы сағат 14:00-де оның үйіне ұлы келіп, қалуды өтінген, бірақ бұл туралы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметкерлеріне ескертпеді. Ұлының өтініші бойынша әйел оны танысына апарған, содан кейін полиция қызметкерлеріне орналасқан жері туралы хабарлаған, - дейді баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив