KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Өрттің одан әрі таралмауына демалушылар ерекше күш салды – куәгерлер

5.07.2022, 11:34 139

4 шілде күні сағат 23:20-да Алакөл жағасындағы демалыс базасынан өрт шығып, 4 бірдей демалыс үйі отқа оранған болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көп ұзамай әлеуметтік желідегі парақшаларда оқиға орнындағы әр түрлі видеолар мен фотосуреттер тарай бастады.

Отбасымен демалуға барып, өрт шыққан уақыттан бастап өзінің жеке парақшасында арнайы видеолар түсіріп, хабар таратып отырған әріптесіміз Дарын Нұрсапар оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

-        Түнде, сағат шамамен 23.00-ден кете "Керуен" демалыс үйінен өрт шықты. Арбатта адамдардың көп жиналған кезі болатын. Оқиға орнындағы адамдардың айтуынша, демалушылардың бірі бөлмеде кальян шеккен көрінеді. Тілсіз жау содан шыққан сияқты. Әп-сәтте өрт жанындағы үлкен базаларға секіріп, айналасы 1-2 сағаттың ішінде бірнеше үйді тып-тыйпыл етті. Қазір, өкінішке орай, күлі ғана қалды, - дейді ол.

6cb03411-50dd-446b-b906-69c02fdd2441.jpg

Қызыл жалынынның одан әрі таралмауына сол жердегі демалушылардың еңбегі ерекше сіңген көрінеді.

-        Адамдардың көбі эвакуацияланды. Бала-шағасын алып, көлігімен қашып жатқандар да болды. Демалып жатқан жігіттер, жастар қолдарына түскен шелек, темір, сібіртікмен өртті соққылап жүріп өшірді. Шатырға шығып, тілсіз жаудың ортасына кіріп кетіп, үлкен ерлік жасағандарға куә болдық. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері келгенше өрттің кеңнен таралмауына осы жігіттер өте көп күш салды, негізі. Артынша арнайы техникалар келіп, өртті сөндіріп, қоршауға алды. Түнгі сағат шамамен 2.00 кезінде барлығы тыныштала бастады. Бүгін ол жерде комиссия тексеру жұмыстарын бастап кетті, - дейді Дарын Нұрсапар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив