Өскемен
-14°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

ШҚО мен Абай облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кеткен

26.06.2022, 15:05 36 0 Ләззат Қанатқызы

24 маусым күні Үржар ауданында жабдықталмаған жерге суға түскен ер адам батып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қайғылы оқиға Алакөл көлінде болған.
- Ер адам шомылып жүріп, жағадан алысқа жүзіп барып, қайтып орала алмай қалған. Бұл күні қатты дауыл соғып, толқын ертадамның денесін жағаға шығарып тастаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады , — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сол күні тағы бір ер адам Күршім ауданындағы Күршім өзеніне батып кетті. 
ШҚО мен Абай облысын ескере отырып, шомылу маусымы басталғаннан бері он адам суға батып кеткен көрінеді.
Құтқарушылар демалушыларды су айдындарындағы тыйым салу белгілерін елемеуге және рұқсат етілген жағажайларда суға түсуге шақырады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив