Өскемен
-14°
переменная облачность Штиль
462.36 493.48 5.99

Риддерде 12 жастағы баланы мопед қағып кетті

23.06.2022, 09:47 19 0 Ләззат Қанатқызы

21 маусым күні Риддер қаласында 12 жастағы жасөспірімді мопед қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жасөспірім жаяу жүргіншілер жолағынан велосипедпен өтіп бара жатып, мопедке жол бермеген.

-        Баланың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына өзге де қатысушылардың ЖҚЕ талаптарын орындамауы). Жол апатынан кейін кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Баланың миы шайқалған, сондай-ақ клавикуланың сынуы, кеуде қуысының соғылуы диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол травматология бөлімінде жатыр.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив