KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза болды

14.07.2019, 03:36 115

Қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 03:00 шамасында "Шығыстүсмет" ЖШС Орлов шахтасының аумағында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО бойынша Корпоративтік байланыстар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тау-кен массасы опырылып, екі жұмысшы жарақат алыпты. Шахтаның бекітушісі оқиға орнында көз жұмған, екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ екен.

Қазір арнайы комиссия құрылып, шахтада болған жағдайдың себептері анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив