Өскемен
пасмурно ветер 1 м/с, В
457.29 490.35 5.97

Былтыр күзде жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды - Семей

19.04.2022, 10:28 29 0 Ләззат Қанатқызы

Семейде 5 ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
17 жастағы қыздың денесі Ертіс өзенінен табылды.
- Белгілі болғандай, қызды 19 жастағы жігіті өлтіріп, Ертім өзеніне лақтырып жіберген. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Кейіннен Мирный кентінің маңында өзін бойында қыздың денесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның мәәіті табылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі. 
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр күз кезінде семейлік тұрғын далаға серуендеу үшін шыққан қызының үйге қайтып орлмағанын айтып, полицияға жүгінген болатын. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, әскерилер мен еріктілер жұмылдырылған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив