KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Қаңтар оқиғасы: Өскеменде тағы бір адамға қатысты сот үкімі шықты

22.09.2022, 17:01 260

Өскемен қаласында қаңтар оқиғасына қатысқан тағы бір адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

22 қыркүйек күні, яғни бүгін Өскемен қаласының соты 1 адамға қатысты қаңтар оқиғаларымен байланысты іс бойынша айыптау үкімін шығарған.

-        Қылмыстық іс ҚР  Қылмыстық кодексінің 272-бабы 3-бөлігі, яғни «Жаппай тәртіпсіздікке шақыру» бойынша қаралды. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне, қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болмауына байланысты сот сотталушыға 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, - дейді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив