KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да кәмілетке толмағандар түнде көшеге шыққаны үшін 66 ата-анаға айыппұл салынды

22.09.2022, 10:21 163

ШҚО полиция қызметкерлері компьютерлік клубтар мен дүкендерге түнгі рейд жүргізген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Нәтижесінде, үш күн ішінде тәртіп сақшылары жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдері арасында 90-нан астам құқық бұзушылықты анықтап, әр жағдай бойынша әкімшілік айыппұл салды.
Атап айтқанда, Өскеменде кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрулеріне жол бергені үшін ойын-сауық мекемелерінің лауазымды тұлғалары, кәмілетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерді орындамағаны үшін барлығы бес заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 66 ата-анаға айыппұл салынған.
Үш түн ішінде барлық облыс бойынша инспекторлар 200-ден астам түрлі мекемелерді тексерді.
- Құрметті ата-аналар, түнгі рейдтердің мақсаты айыппұл емес, жасөспірімдер қылмысының жолын кесу және балалардың қауіпсіздігі, сондықтан балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды сұраймыз, - деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев.
Жоғарыда аталған бұзушылықтардан басқа балаларға темекі өнімдерін сату фактілері тіркелді, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған үш жасөспірім анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив