Өскемен
+1°
облачно с прояснениями Штиль
457.29 490.35 5.97

Қоймадан шыққан ірі өрт ауыздықталды - Өскемен

18.02.2022, 10:02 23 0 Ләззат Қанатқызы

Бүгін таңғы сағат 06.00 шамасында өрт сөндіру қызметіне облыс орталығында кәсіпорындарының бірінде қойма жанып жатқаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жіберілді. Алайда қызыл жалын қоймадағы 

2 жүк көлігі мен 1 жеңіл автокөлікті жалмап үлгерген. 

- Жалпы ауданы 200 жерге шарпыған тілсіз жау 08:16-да толықтай ауыздықталды. Абырой болғанда зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив