Өрт шыққан үйлерден 29 адам эвакуацияланды - ШҚО

ШҚО-да өрт шығып, 29 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 5-еуі бала, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аягөз қаласындағы 4 пәтерлі барақ үйден шыққан өртті көршілері байқап, бірден өрт сөндірушілерге хабар берген.
- Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар 8 адамды эвакуациялады, оның ішінде 2 бара бар. Қызыл жалын шарпыған үйдегі 4 шаршы метр аумақта жапсарлас құрылыс дәлізінің ағаш қабырғасы өртенген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Алдын ал болжам бойынша өрт жлектр жабдықтары пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және отты абайсыз пайдаланудан шыққан болуы мүмкін.
Осындай өрт оқиғасы Глубокое ауданында да болды. Онда 5 қабатты тұрғы үйдің 5-қабатындағы пәтрден өрт шығып, жатын бөлмедегі терезе, есіктері, жиhаздар мен жеке заттары жанып кеткен.
Құтқарушылар оқиға орнынан 21 адамды эвакуациялады. Оның ішінде де 3 бала бар.
Өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумаққа жайылған өртті ауыздықтап үлгерді.