Өскемен
+2°
облачно с прояснениями ветер 2 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

ШҚО-да тағы жол апаты. Зардап шеккендер бар

4.02.2022, 15:43 70 0 Ләззат Қанатқызы

3 қаңтар күні Шемонаиха-Бородулиха тас жолының 4-ші шақырымында LADA және HYUNDAI ACCENT маркалы автокөліктері соқтығысты. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жол апаты салдарынан 30 жастағы LADA жолаушысы бірнеше дене жарақатын алып, ауруханаға түсті.    
Жергілікті тұрғындар жол-көлік оқиғасына жолдың жағдайы себеп болғанына сенімді.
- Біздің ауданда бұл мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Биыл қар көп жаумаса да аудандағы жолдың жағдайы нашар. Соның кесірінен адамдар көп зардап шегеді,  - дейді Шемонаиха ауданының тұрғыны Арман Сексенов.
Аймақ полициясы апат фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
- ҚР ҚК 345 - бабы-абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп түсіндірді ведомствода.
Айта кету керек, бүгін таңертең сол учаскеде көктайғақтың салдарынан КАМАЗ жол жиегіне ұшып кеткен.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив