KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да бес балықшы мұз астына түсіп кете жаздады

3.04.2019, 04:01 175

 

Оқиға Күршім ауданының Аманат ауылының маңында болған. Жергілікті жердің бес тұрғыны Зайсан көліне балық аулауға шығып, мұз астына түсіп кете жаздады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Құтқарушыларға көмек туралы ақпарат кеше кешкі уақытта түскен.


Балықшылар мұз қабатының жұқарып кеткенін ескермей, мұздың үстімен жағадан шамамен 6 шақырым жерге дейін ұзап кеткен.


-Қазір өзен-көлдерде мұз еріп, қызыл су жүріп жатыр. Бұл өте қауіпті кезең, - дейді Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы 9-шы бөлім басшысы Талғат Нұржанов.


Балықшылардың аяғының астында мұз жарыла бастаған соң, олардың үшеуі кері қайтқан. Тым алысқа ұзап кеткен екеуі көлдің ортасында қайта алмай қалып қойған екен. Оның үстіне бұл кезде күн батып, төңірек қараңғыланып кетіпті.  

Жағаға жеткен үшеуі құтқарушыларды шақыртады.


Көлдің ортасында қалып қойған балықшыларға жету үшін құтқарушыларға қайықпен шығып, жарты жолды мұз үстімен жаяу жүруге тура келді. Ер адамдар аман-есен жағаға жеткізілді.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив