KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде мас жігіт көпірден секіріп кетті

27.03.2019, 05:10 150

Өскеменде «понтон» көпірінен секіріп кеткен жігіт ғайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Көпірден өтіп бара жатқанда-ақ әлгі жігіттің жүрісі күдік тудырды. Күрткесін қолына алып, жақтаудан асып түсті де, суға секіріп кетті. Осының бәрі қас пен көздің арасында болды. Мен дереу төменге түсіп, жүгіріп бара жатқан күйі «112-ге» хабарлап үлгердім. Артымнан тағы бір кісілер келіп, көліктен түсе көмекке ұмтылғанын байқадым, – дейді сол маңнан өтіп бара жатып оқыс оқиғаға куә болған «Қазавиақұтқару» маманы Александр Кузовников.


Жігіт секірген көпі
рдің биіктігі – 18 метр. Оны су ағысы жағалауға айдап әкеліпті. Ал судан көмекке келгендер алып шыққан. Осы кезде жеткен құтқарушылар жігіттің киімін ауыстырады.


Апаттық оқиғаларда көмек көрсететін медициналық орталық мамандарының айтысынша, суға секірген жігіт мас болыпты. Ешқандай жарақат алмаған. Тыныштандыратын дәрі ішкен соң, ол полицейлерге табысталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив