KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да «Lada Granta» көлігі жанармай таситын көлікпен соқтығысты

2.11.2022, 17:44 329 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жеңіл автомобиль мен жанармай таситын көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды.

2 қараша күні сағат 07.15 шамасында Глубокое ауданындағы «Өскемен-Рахман қайнарлары» автожолының 16-шы шақырымында 48 жастағы "Lada Granta" маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соғылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жол апаты салдарынан Lada Granta жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен яғни, абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқарушының жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив