Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

ШҚО-да жол апатынан тағы 2 адам көз жұмды

3.11.2022, 09:38 80 0 Ләззат Қанатқызы

«Өскемен-Риддер» тасжолының 3-ші шақырымында жол апаты болып, екі адам көз жұмды.

Жол апаты 2 қараша күні, сағат 14.00 шамасында Глубокое ауданына қарасты Опытное поле кентінің маңында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- «Nissan Note» және «Toyota Land Cruiser» автокөліктері соқтығысып, салдарынан «Toyota Land Cruiser» көлігін тізгіндеген азамат пен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Аталмыш көліктегі тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы). Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив